Виросолог коронавирусты кімдер жұқтырмайтынын айтты

Виросолог коронавирусты кімдер жұқтырмайтынын айтты

20.09.2021 Выкл.

Тұмау немесе ЖРВИ-мен ауырып жатқан адамдар коронавирус жұқтырмайды.  Бұл туралы Энгельхардт молекулалық биология институтының жасушаларды тарату зертханасының меңгерушісі, Ресей ғылым академиясының корреспондент -мүшесі, профессор Петр Чумаков айтты, – деп хабарлайды Infodk.kz URA.ru -ға сілтеме жасап.

«Адам, суық тигенде немесе ЖРВИ кезінде коронавирус жұқтырмайды. Бірақ сауығып кеткеннен кейін көп ұзамай ол ковид жұқтыруы мүмкін. Ал бірінші аурудан әлсірегендіктен, оның салдары ауыр болады », – деді Петр Чумаков.

Профессор айтуынша, науқас денесінде вирусқа қарсы ақуыз түзіледі.

«Әдетте, адам бір вируспен ауырғанда, ол екіншісімен ауырмайды. Адам ағзасын қорғайтын  интерферон бөлінеді.  Бұл ағзаны екінші инфекциядан қорғайтын вирусқа қарсы ақуыз», – деді вирусолог.

Айта кетейік, Бұған дейін коронавирус жұқтырудың күтпеген себебі аталды. Көңіл-күй нашар болса, коронавирус инфекциясын жұқтыруың мүмкін, бұл туралы “Радио 1” эфирінде инфекционист Светлана Малиновская ескертті.

Оның айтуынша, психикалық жағдай иммундық жүйеге қатты әсер етеді. Сондықтан қорқыныш, дүрбелең және күйзеліс аясында ағзаның қорғанысы төмендейді.

64