Режиссер Звягинцевтің өкпесі 90 пайыз қабынып, Германияда ауыр жағдайда жатыр

Режиссер Звягинцевтің өкпесі 90 пайыз қабынып, Германияда ауыр жағдайда жатыр

14.09.2021 Выкл.
Кинорежиссер Андрей Звягинцев коронавируспен ауырып, Германияда емделіп жатыр, жағдайы ауыр. Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасай отырып,   Baza Telegram арнасы хабарлады.

“Қазіргі уақытта өмірге қауіп төніп тұрған жоқ”, – деді ақпарат көзі.

Шілде айында коронавирус жұқтырған кинорежиссер ФМBA федералды ғылыми-клиникалық орталығына жатқызылған. Оның жағдайы ауыр болған, бір айдан соң, Давыдовский атындағы қалалық ауруханаға ауыстырылған. Дәл сол жерде оған өкпенің 90 пайызға жуық зақымдануы диагнозы қойылған.

Звягинцев қазір Германияда емделіп жатыр. Сол жерде ол коронавирусқа қайта тестілеуден өткен. Тест теріс нәтиже көрсеткен. Осыған қарамастан, режиссердің жағдайы әлі де ауыр екені хабарланды.

Звягинцевтің кейінгі “Нелюбовь” фильмі 2017 жылы жарық көрді және 70 -ші Канн кинофестивалінің қазылар алқасының арнайы жүлдесін алды.

Айта кетейік, Звягинцев Канн фестивалінде үш рет марапатталған. 2011 жылы “Елена” туындысы үшін “Ерекше көзқарам” номинациясында бас жүлдені жеңіп алды, ал 2014 жылы оның “Левиафан” картинасы “Үздік сценарий” сыйлығына ие болды.

Бұған дейін продюсер Александр Роднянский режиссерлер Андрей Звягинцев пен Кантемир Балагов бірге жаңа фильмдер түсіруді жоспарлап отырғаны, сондай-ақ Стивен Содербергпен бірге жұмыс істейтінін айтқан болатын.

42