Әлемдегі ең биік ағаштар қайда өседі?

Әлемдегі ең биік ағаштар қайда өседі?

17.09.2021 Выкл.

Infodk.kz назарларыңызға ұсынатын әлемдегі ең үлкен ағаштар қатаң есепке алынып, қатаң күзетіледі. Себебі, адамндар  табиғаттың осы ғажайыптарын да құртуға дайын.

Австралиялық эвкалипт. 150 метрлік аңыз

ХІХ ғасырда ресми емес рекорд орнатылды. 1872 жылы өз елін аралаған аустралиялық биіктігі 150 метрден асатын эвкалипт ағашымен кездескенін жазады. Бірақ ол оны нақты өлшеп, бұл фактіні ресми түрде жариялаған жоқ. Жылдар өткен соң, ХХ ғасырда мұндай биік ағашты іздегенімен, ол табылған жоқ. Алайда, Эвкалипт патшасы Аустралияның Квинсленд штатындағы Бау-Бау тауында анықталды және оның биіктігі 99,4 метр екені ресми түрде расталды.

Аустралия аралы – Тасманияда тағы бір биік ағаш табылды. Ол ” Центурион” деп аталады,  биіктігі – 98,1 метр.

Бірақ қанша биік болса да, бұл ағаштар ондыққа кіре алмады. Себебі, әлемдегі ең биік ағаштар АҚШ-та өседі.

Америка Құрама Штаттары үшін секвойя ағаштары-ұлттық символ, ғасырлық мақтаныштардың бірі. Чероки үндістерінің көшбасшысы Секвойяның құрметіне аталған бұл ағаштарды үкімет құрметтейтіні соншалық, оларға келген туристерге де қатаң бақылау орнатады.

Әлемдегі ең биік ағаштар ТОП-10:


10. Мендосино атты бұл ағаш Калифорнияның Монтгомери Вудс аймағында өседі. Биіктігі – 112,20 метр, диаметрі – 4,19 метр.

Sequoia-National-Park-wallpapers.jpg

9. Рокфеллер-Форестте Paradox деп аталатын секвойя өседі. Биіктігі – 112,56 метр, диаметрі – 3,90 метр.

8. Келесі секвойя Гумбольдт округінде өседі. Рокфеллер деп аталатын бұл ағаштың биіктігі – 112,60 метр.

7. Гумбольдт округіндегі тағы бір ағаш Лауралин деп аталады. Оның биіктігі – 112,62 метр, диаметрі – 4,54 метр.

6. Алтыншы орын алған секвоианың аты – Орион. Са -Матео округіндегі Редвуд ұлттық саябағындағы ағаштың биіктігі – 112,63 метр, диаметрі – 4,33 метр.

5. Үздік бестікті қорытындылаған Ұлттық географиялық қоғам (NGS) деп аталатын Редвуд Крик өзеніндегі секвойя иеленді. Оның биіктігі – 112,71 метр, диаметрі – 4,39 метр.

4. Stratosphere Giant деп аталатын секвоианың биіктігі – 113,11 метр.

3. Икар есімді ағаш  үштікті қорытындылады. Биіктігі –  113,14 метр, диаметрі – 3,78 метр. 

2. Екінші орында тұрған Гелиос ағашы да Редвуд Крик өзенінің бойында өседі. Биіктігі – 114,58 метр болатын бұл алып ағаш 2006 жылыға дейін әлемдегі ең биік ағаш болды.

1. 2006 жылы 25 тамызда Гелиостен көшбасшылықты тартып алған Гейперион атты секвойя. Ол өзеннің арғы жағында өседі. Оның биіктігі – 115,61 метр, диаметрі 4,84 метр.

39