Галстук байлау дәстүрі қалай пайда болды?

Галстук байлау дәстүрі қалай пайда болды?

13.09.2021 Выкл.

Ерлер гардеробының ажырамас бөлігіне айналған аксессуар – галстуктің пайда болуы туралы бірқатар болжамдар бар. Infodk.kz сол болжамдардың бірнешуін ұсынады.

Египет

Галстукті еске салатын аксессуарлардың алғашқы формалары Ежелгі Египетте табылған деп саналады. Тіке геометриялық пішінді мата бөлігін ежелгі мысырлықтардың кейбір өкілдері мойын мен иықтарына байлаған. Бұл индивидтің қоғамда белгілі әлеуметтік мәртебесі бар екенін білдіреді.

Қытай

Ежелгі Қытайдың Синь әулетінің өкілі Шихуан Диннің қабірінен 40 мыңнан астам сарбаздардың керамикалық мүсіндері табылды. Сарбаздардың мойындарында галстукті еске салатын ені кең мата болғанын көруге болады.

Дереккөздердің айтуынша, ежелгі Қытайда мұндай атрибут әскерилерді бейбіт тұрғындардан ажырату үшін қолданылған.

Рим

Мойынға шүберек байлау дәстүрі римдік легионерлерден қалған деген көзқарас бар. Дереккөздердің айтуынша, Римдегі Траян колоннасының легионерлері мойындарына  “фашалия” атты шүберек байлаған, олардың мақсаты металл сауыт жауынгердің мойнына зақым келтірмеу болған.

Еуропа

Галстуктің алғашқы прототипі 1635 жылы Еуропада пайда болды.

Француз армиясының құрамында болған хорваттар Осман империясымен болған қақтығыста жеңіске жеткеннен кейін салтанатты шерумен Парижге аттанды. Хорват офицерлері мойнында ашық түсті маталар байлап жүрді, бұл бірден париждіктердің назарын аударды. Француздар хорваттардан бұл не екенін сұрағанда, хорваттар бізді кім деп сұрағанда осы мата арқылы croates  (хораттар) деп жауап береміз деген екен. Нәтижесінде мойынға байланған мата еуропалық тілдерге “крават” түрінде енді.

Франция королі Людовик XIV де осы атрибутқа қызығушылық танытып, мойынына жібек мата байлауды әдетке айналдырды, кейіннен көптеген француздар патшаға еліктей бастады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында еркектердің жағасы бүктелген сырт киімі дәстүрге енді. Осыдан кейін мойын сызығын жағаның астынан өткізіп, тілдің ұзын бөлігін төмен түсіру әдетке айналады.

Орыс жерінде

Бұл кезде галстук Ресей аумағына да еніп бара жатқан еді. Жаңашылдығымен танылған император Петр I галстук тағу міндеттемесі туралы арнайы қаулы шығарды. Бірақ мұны боярлар құптамайды, өйткені галстук дәстүрлі орыс киіміне сәйкес келмейтін еді. Сондықтар орыстар галстукті басында “змея” (жылан) деп атады.

Ресейде галстук тағуды атақты жазушы Александр Пушкинге танымал етті. Ол кең галстук тағуды жақсы көрген екен.

Қазіргі галстук

Еуропада галстуктың жалпы халық арасында танымалдығы лорд Байронмен байланысты. Ол галстугін байлап, кең етіп баулап қоюды жақсы көретін. Осыған байланысты галстукті байлап қою “аля байрон” деп аталады.

Тағы бір еуропалық жазушы Оноре де Бальзак галстук байлағанды ​​жақсы көрді, тіпті ол “Галстук өнері” деп аталатын кітап жазды. Ол галстуктың түрлерін егжей -тегжейлі түсіндіріп, оны байлаудың әр түрлі формаларын көрсетеді.

Галстуктің бүгінгі заманауи түрі 1924 жылы айналымға енді. Америкалық кәсіпкер Джесси Лангсдорф галстукты заманауи үлгіде ктігіп, өз атынан патенттеді. Бұрынғыдан айырмашылығы, Лангсдорф галстукты бір емес, үш матадан тігеді, сондықтан галстук ұзақ уақыт киілгенде де пішінін жоғалтпайды.

23