Дәрігер COVID-19-дан кейін иіс сезуді қалай қалпына келтіруге болатынын айтты

Дәрігер COVID-19-дан кейін иіс сезуді қалай қалпына келтіруге болатынын айтты

02.09.2021 Выкл.

COVID-19-дан кейін иіс сезу қабілетін қалай қалпына келтіруге болатынын Tengrinews.kz-ке ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева айтып берді.

Дәрігер иіс пен дәмнің жоғалуы коронавирустың алғашқы белгілерінің бірі екенін айтады. Ләззат Ералиева иіс пен дәм кейбір адамдарда жоғалғаннан кейін бір-екі күн ішінде, ал басқаларында – бір аптадан кейін қайта қалпына келетінін хабарлады. Бірақ иіс сезу кейбір адамдарда коронавирустан айыққаннан кейін де қалыпына келмеген.

“Иіс пен дәмнің қайта қылпына келуі зақымдану деңгейіне байланысты. Егер вирус тек мұрын шырышты қабығын зақымдаған болса, онда ісіну жойылғаннан кейін иіс сезу қайта оралады. Өкінішке қарай, иіс немесе дәм сезбеу процесі коронавирус жұқтырғандарда ұзақ уақыт бойы, кейде бірнеше айға дейін созылады. Ал, кейбір адамдарда толығымен қайта қалпына келмейді”, – дейді Ләззат Ералиева.

Ол аурудың өткір кезеңінде мұрынды тұзды ерітіндісімен шаюға және мұрынға вазоконстрикторлы  – “Називин”, “Нафазолин”, “Тизин” тамшыларын тамызуға кеңес берді.  Бірақ мұрынға тамызайтын спрейді қолдану 5-7 күннен аспау керек екенін айтады.

“Ұзақ уақыт бойы иіс сезу қабілеті жоғалған адамдарға дәм мен иіс сезу функциялары бойынша жаттығулар қажет. Дәріханадан хош иісті май тамшылары – насыбайгүл, лимон, эвкалипт, жалбыз, сарымсақ, қалампыр сатып алуға болады. Оларды күніне 5-6 рет, 15-20 секунд бойы иіскеп жаттығу керек. Бұл “иіс сезу жаттығуы” (ольфакторные тренировки) деп аталады. Осылайша біз осы иіс сезуді есте сақтаймыз, ал біздің миымыз жаңа нейрондық байланыстар орната бастайды. Бұл процесс ұзақ уақытқа созылады”,-дейді дәрігер.

Сондай-ақ, Ләззат Ералиева невропатологпен және ЛОР дәрігерімен кеңесу керек екенін айтты.

89