Қазақстандық фильм Қазан кинофестивалінде үздік атанды

Қазақстандық фильм Қазан кинофестивалінде үздік атанды

11.09.2021 Выкл.
Режиссер Фархат Шәріповтің “18 килогерц” фильмі XVII Қазан халықаралық мұсылман кинофестивалінің  Гран-приін алды, – деп хабарлайды Infodk.kz tatar-inform-ға сілтеме жасап.

Сондай -ақ, фильм үздік операторлық жұмыс үшін берілетін марапатқа да ие болды (Александр Плотников).

“18 килогерц” – 90-жылдардың соңындағы жасөспірімдердің өмірінен сыр шертетін фильм. Зара Есенаманның “Хардкор” романы бойынша түсірілген фильм Қазақстанда 2021 жылы ақпанда шықты.

Өткен жылы “18 килогерц” фильмі қазақстандық кино тарихында тұңғыш рет 36-шы Варшава халықаралық кинофестивалінің Бас жүлдесін алды. Кейін бұл фильм Котбус қаласында (Германия) өткен 30 -шы халықаралық кинофестивальде үздік деп танылды.

Бүгінде режиссер Фархат Шәріпов “Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы” КЕАҚ тапсырысы бойынша  “Хардкор”  атты жаңа фильмін түсіріп жатыр.  Автор өзінің жаңа фильмінде нашақорлық тақырыбын қазіргі әлемнің өзекті тақырыбы ретінде көтереді.

Жақын күндері фильмнің соңғы түсірілімі Алматыда өтеді.

XVII Қазан халықаралық мұсылман кинофестивалі Татарстан Республикасының астанасында қыркүйектің 5 – 10-ы аралығында өтті, осы жылы форумға 45 елдің киногерлері өтінім берді.

22