Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы 60 пайызға көтеріледі

Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы 60 пайызға көтеріледі

23.09.2021 Выкл.
Президент-Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы екі жылда әскери қызметшілердің жалақысы орташа есеппен 60%-ға өсетінін айтты.

Бұл туралы ол Маңғыстау облысындағы Оймаш полигонындағы “Отпантау-2021” әскери жаттығуларына барған кезде айтты.

“Ақшалай жәрдемақы біртіндеп өсіп келе жатыр. Биылдан бастап ресми жалақы 35 пайызға өсті. Алдағы екі жылда жалақы орта есеппен 60 пайызға өседі. Әскери қызметшілердің барлық санаттары үшін баспана мәселесі заңнамалық деңгейде шешілді. Басқа ТМД елдерімен салыстырғанда, қазақстандық әскердің әлеуметтік пакеті бәсекеге қабілетті. Әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау әрқашан мемлекеттің басты басымдықтарының бірі болады. Қуатты армия  – тәуелсіз елдің кепілі”, – Қасым-Жомарт Тоқаев.

26