Алматыдағы атыс: БЦК басшысының экс-әйелі оның мүлікті қандай жолмен иеленетінін айтты

Алматыдағы атыс: БЦК басшысының экс-әйелі оның мүлікті қандай жолмен иеленетінін айтты

23.09.2021 Выкл.

20 қыркүйекте Алматыда борышкерлерді үйден шығару кезінде болған қайғылы оқиғаға Банк Центр Кредит басшысы Ғалым Хусаиновтың бұрынғы әйелі Альмира Қалменова түсініктеме берді, – деп хабарлайды Infodk.kz.

Белгілі болғандай, алматылық атқыштың отбасы БЦК-дан несие алып, кепілге 2 жылжымайтын мүлікті қойған. Бір үй бағаланған құннан екі есе төмен бағаға сатуға қойылған. Осыдан кейін екінші мүлік те сатылған.

Бес адамның өмірін қиған атыс сот орындаушысы, полиция қызметкерлері, үйдің жаңа иесі досымен бірге отбасын үйден шығару үшін келгенде болды.

“2 күн бұрын болған атыс трагедиясы адамдардың өмірін қиды, балаларды әкесіз қалдырды. Қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамын. Қайтыс болған адамдардың өмірінен басқа кез келген мәселелерді шешуге болады. Әлем қазір қатыгездік пен азғындыққа толды .Біз материалдық құндылықтарды адамдардың тағдыры мен өмірінен қалай жоғары қоя аламыз?

Бұл қайғылы оқиғаға қатысы бар адамды, БЦК бастығы – Хусаинов Ғалымды жақсы білетіндіктен, мен оның рейдерлік схемалары туралы батыл түрде айта аламын. Ол бизнесте ғана емес, менің отбасымда да мүлікті меншіктеп алу әрекеттерін жасаған”, – деп жазды Альмира Қалменова Facebook -тегі парақшасында.

Альмира бұрынғы күйеуі тіпті ата-анасын сотқа бергенін айтты.

“Ол  негізсіз жалған шағым түсіріп, зейнеткерлікке шыққан ата -анамның барлық мүлкін тәркілеп алды.  Менімен бірге некеде сатып алған және оның екі баласы тұратын пәтерді де осы жолмен алғысы келіп жүр.

Әр сот процесінде оның адвокаты айғақтарын өзгертеді және оған ешқандай дәлел келтірмейді, – деп жазды ол.

Оның жазған мәлімдемесінің толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.

19