Дәрігер коронавирусқа қарсы қандай жағдайда вакцина алуға болмайтынын айтты

Дәрігер коронавирусқа қарсы қандай жағдайда вакцина алуға болмайтынын айтты

24.09.2021 Выкл.
Танымал украин дәрігері Евгений Комаровский “Украина 24” телеарнасының эфирінде коронавирусқа қарсы қандай кезде вакцинациялануға болмайтынын айтты., – деп хабарлайды Infodk.kz ukraina24-ке сілтеме жасап.

“Адам жұқпалы аурудың өткір кезеңін бастан кешіргенде, қандағы интерферонның жоғары деңгейі кезінде, иммуносупрессивті терапия, яғни сіз қазір иммунитетті төмендететін препараттарды қабылдап жатсаңыз немесе  ісіктерге арналған химиотерапия және вакцина компоненттерінің біріне аллергиялық реакция болса вакцина алудың қажеті жоқ”, – деп айтты дәрігер.

Дәрігер егер адам созылмалы аурумен ауыратын болса, онда ең алдымен сол адам вакцинациялануы керек дейді.

Дәрігер кез келген ауыр патологиясы немесе аллергиясы бар адамдарға қан тобын, аллергияның қандай екенін және қандай аурумен ауыратынын көрсететін бейджик тағып жүруге кеңес берді.

Дәрігердің айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцинацияға барар алдында міндетті түрде физикалық тексеруден өтудің қажеті жоқ. Дегенмен, адам вакцинация кезінде өзінің қазіргі жағдайын ескеруі керек және қабылдаған дәрілердің вакцинация тиімділігіне әсер ететінін білуі керек.

16