Димаш Құдайберген жаңа әнімен тыңдармандарын қуантты

Димаш Құдайберген жаңа әнімен тыңдармандарын қуантты

25.08.2021 Выкл.

Қазақстанның танымал әншісі Димаш Құдайберген «Новой волны» аясындағы концертте кезекті жаңа әнін шырқап, тыңдармандарын тағы да қуантты, – деп хабарлайды Infodk.kz.

Fly Away деп аталатын динамикалық әнінің авторлары – Елжан Ғаббасов пен Джордан Аракелян.

Көрермендер жаңа әнді жылы қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық әнші «Бөтен» әнімен көрермендерді бағындырған болатын. Димаш «Новой волны» байқауының қазылар алқасының мүшесі. Байқауға қатысушылардың арасында Қазақстаннанның атынан  Mezzo group бар. Үшінші күні квартет авторлық ән орындады.

Байқаудың қорытындысы 25 тамызда шығарылады.

64