Диетолог күніне қанша алма жеуге болатынын айтты

Диетолог күніне қанша алма жеуге болатынын айтты

19.08.2021 Выкл.

Ресейлік диетолог Римма Мойсенко алманы қалай таңдауға және қанша жеуге болатыны туралы кеңес берді, – деп хабарлайды Infodk.kz Риа Новостиге сілтеме жасап.

Дәрігер ұйқы безі мен ішек аурулары бар адамдарға жаңа алманы жеуге болмайтынын атап өтті. Бұндай адамдар алманы қайнатып жегені дұрыс. Жалпы, алма қайнатылған күйінде де өте пайдалы.

“Егер ішегінде ешқандай ауруы жоқ, сау адам туралы айтатын болсақ, ондай адамға алманың кез келген түрі  (қызыл, жасыл және сары алмалар) пайдалы. Ал, қарттар  фруктозаның ең аз мөлшері бар алманы таңдағаны дұрыс, яғни егде адамдарға тәтті және қышқыл емес алма пайдалы. Әдетте бұндай алмалардың түсы сары-жасыл болып келеді”,-деп түсіндірді Римма Мойсенко.

Дәрумендер мен микроэлементтердің мөлшері алманың сорты мен түсіне байланысты емес. Алма адам ағзасына пайдалы, ас қорыту жүйесіне шамадан тыс салмақ түсірмейді. Бірақ, сонда да оны уақытымен жеген жөн. Әдетте, оны таңертең, түске дейін, жалпы түскі астан кешіктірмей жеген дұрыс дейді диетолог.

 

“Алма қабығында көптеген пайдалы элементтер бар. Сондықтан, оның қабығын ашып тастаудың қажеті жоқ,  жақсылап жуу жеткілікті. Сондай-ақ, құрт немесе құс тесіп тастаған  алмадан қорықпаңыз. Егер алмада құрт болса, бұл алма сау дегенді, түрлі нитраттар мен пестицидтермен шамадан дәріленбегенін білдіреді. Зақымдалған бөлікті кесіп алып тастап, қалғанын жеу керек”, –  дейді диетолог. 

42