Қазақстандық танымал вайнер Ерболат Жаңабылов айыппұл төлейтін болды

Қазақстандық танымал вайнер Ерболат Жаңабылов айыппұл төлейтін болды

14.08.2021 Выкл.

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы Dilu PLAZA мейрамханасында каратинге қарамай той өткізгендерге қандай шара қолданылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Infodk.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«13 тамызда Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық полиция басқармасынан Dilu PLAZA мейрамханасында 9 тамыз күні үйлену тойы болғаны және оны Ислам Жаңабылов пен Ерболат Жаңабылов ұйымдастырғаны туралы материалдар келіп түсті. Ислам Жаңабылов аталған отбасылық іс-шараны ұйымдастырушы ретінде кінәсін мойындап, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 425-бабы 1-бөлігі бойынша 87 510 теңге (30 АЕК) айыппұл төлейтін болды. Ал Ерболат Жаңабылов тойды ұйымдастырмағанын, тек қонақ ретінде қатысқанын мәлім етті. Қоғамдық орында бетпердесіз жүргені үшін Ерболат Жаңабылов та 87 510 теңге айыппұл арқалады», – деп жазылған басқарманың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Құзырлы орган Жаңабыловтардың кінәсін мойындағанын ескеріп, 7 тәулік ішінде салынған айыппұлдың тең жартысын, яғни 43 755 теңгеден төлеуге мүмкіндік берді.

Ал осы тойдың өтуіне жол берген Dilu PLAZA мейрамханасының иесіне қатысты келіп түскен материалдар Есіл ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қарауында жатыр.

Еске салсақ, карантин талаптарына қарамастан той жасаған астаналықтар Instagram блогерлерінің жазбасынан кейін әшкере болған еді.

 

Абыл Мансұр

40