Анджелина Джоли инстаграмда оқырмандардың жазылуы бойынша рекорд жаңартты

Анджелина Джоли инстаграмда оқырмандардың жазылуы бойынша рекорд жаңартты

24.08.2021 Выкл.

Актриса Анджелина Джоли инстаграмда оқырмандардың жазылуы бойынша рекорд жаңартты, деп хабарлайды Infodk.kz Techengage сайтына сілеме жасап.

Қазір оның аккаунтында тоғыз миллион оқырман  бар.  БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі ізгі ниет елшісі Анджелина Джоли Ауғанстандағы ахуалға назар аударту үшін Instagram-да парақша ашқан болатын.

Актрисаның алғашқы басылымы жасөспірім қыздың жазуы болды, онда таліптердің келуімен жағдайдың өзгеруі және олардың аумақтарды басып алуы туралы айтылады.

Алғашқы үш сағатта Джолидің екі миллион жазылушысы болды. Ол актриса Дженнифер Энистон мен актер Руперт Гринттен озып кетті.

“Дәл қазір Ауғанстан халқы әлеуметтік желілерде еркін сөйлесу және өз ойын білдіру мүмкіндігін жоғалтып жатыр. Сондықтан мен Инстаграмға олардың әңгімелерімен және негізгі адам құқықтары үшін күресетін адамдардың сөзін бөлісу үшін келдім”, – деп жазды актриса.
Біріккен Ұлттар ұйымының босқындар ісі жөніндегі изгі ниет елшісі Анджелина Джоли хат астына қалдырған пікірінде өзінің негізгі құқығымен күресіп жүрген бүкіл әлемдегі адамдардың тарихы туралы жазуды жоспарлап отырғандығын атап өтеді. 

43