Желіде “Ninety One” әншісінің некелесу сәтінен фото тарады

Желіде “Ninety One” әншісінің некелесу сәтінен фото тарады

09.06.2021 Выкл.

Желідегілердің болжамынша, ” “Ninety One” тобының мүшесі Батырхан Мәліков бойдақтықпен қош айтысып, отбасын құрған.

Instagram желісіндегі zaraxci парақшасында пайда болған суреттерде “Alem” лақап атымен танымал әншінің сүйіктісімен мешітте қол ұстасып тұрғандарын көруге болады.

Өздерін “Eagles” деп атайтын топтың жанкүйерлері Батырхан Мәліковтың үйленгеніне еш күмәнданбайды. Тыңдармандар ұзақ уақыт бойы кездесіп жүрген қос ғашықтың түбі отбасын құратынына сенгендерін алға тартты.

Айта кетейік, “Alem”-нің таңдауы Вероника есімді аруға түскен. Алайда, жастар үйленгендерін әзірге еш жерде растаған жоқ.

166