Тоқаев тізгін ұстаған екі жыл

Тоқаев тізгін ұстаған екі жыл

13.06.2021 Выкл.

2019 жылдың 12 маусымында ұлықтау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мүддесін қалтқысыз қорғап, қоғамның бірлігін және әрбір азаматтың құқығын қорғауды қамтамасыз етуге серт берген болатын.

Мемлекет басшысы өз жұмысында сабақтастықты сақтайтынын, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағытын жалғастыратынын мәлімдеді.

Мемлекет басшысы құрған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына қоғамда беделі бар, аузы дуалы адамдар кірді. Кеңес отырыстарында ең өзекті деген мәселелер, соның ішінде елді саяси жаңғыртуға қатысты мәселе ашық талқылануда.

Әуел баста жаңа президент саяси реформалардың үш пакетін кезең-кезеңімен жүзеге асыру туралы жоспарын жариялады. Саяси партиялар құру және тіркеу жолындағы кедергілер екі есе азайды.

Бірінші пакет шеңберінде Қылмыстық кодекстің 130-бабын қылмыстық сипаттан арылту және 174-бабын ізгілендіру қолға алынып, бейбіт жиындар мен митингілер туралы демократиялық заң қабылданды.

Саяси реформалардың екінші пакеті 2020 жылғы қыркүйектегі халыққа Жолдауында жария етілді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн-петициялардың бірыңғай институтын құруды тапсырды.

Үшінші пакетке енген реформалар елдің саяси жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ, адам құқықтарын қорғау жүйесін жақсарту мәселелері Мемлекет басшысының үнемі назарында.

Мәжіліске саяси партиялардың өту шегін сайлаушылар дауысының жетіден бес пайызына дейін төмендету ұсынылды. Бюллетеньдерге «бәріне қарсы» деген баған қосылады.

Әкімдерді тікелей сайлау тәжірибесі де алғаш рет кең ауқымда қолданысқа енгізілгелі жатыр.

Жалпы, Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларының үш пакеті адам құқықтарын қорғау, мемлекетті басқаруға азаматтық қатысуды кеңейту, парламентаризмді дамыту және елді одан әрі демократияландыруға ықпал ету сияқты мәселелерде Қазақстанды барынша ілгерілетпек.

Мемлекет басшысының мектеп мұғалімдеріне, сондай-ақ ЖОО мен колледж оқытушыларына деген қамқорлығы білім беру сапасын көтерудің, сол арқылы жаһандану жағдайында қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жалпы бағытымен сәйкес келеді. Ал мұғалімдердің жалақысы ондаған жылдар бойы көптеген басқа салалардағы қызметкерлердің жалақысынан төмен болып келгендігі шындық.

Мамыр айында президенттік жастар кадр резервіне екінші рет қабылдау жарияланды. Қазірдің өзінде іріктелген 300 жас мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда жауапты орындарда қызмет етіп жүр.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттігінің алғашқы екі жылы тосын оқиғалармен де есте қалды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық тапсырмалары нақты орындалып, Арыс қаласындағы өмір тез қалпына келді.

Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық лауазымды тұлғаларды әлеуметтік желіге әкелді. Мемлекет басшысы жыл сайын Twitter мен Instagram-да жүздеген хабарлама жариялап келеді. Ақмола облысындағы Көбейтұз көліндегі бейберекет сейіл Президент назар аударғаннан кейін ғана тыйылғаны ел есінде. Президент көңіл аударғаннан кейін жергілікті әкімдіктер өз шешімдерін халықтың талап-тілегін ескере отырып, үніне құлақ асу арқылы қайта қарады.

Елдің амандығын бірінші орынға қойған Мемлекет басшысы оқиғаның өрбуіне қарай қажетті шешімдерді дер кезінде қабылдап отырды. 16 наурыздан бастап мектеп оқушыларын мерзімінен бұрын демалысқа жіберілді, ал студенттер қашықтан оқытуға көшті. Сондай-ақ, Қазақстан азаматтарының сол кезде коронавирус бойынша қолайсыз елдерге шығуына тыйым салынды.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған коронавирустық пандемия қауіпті деңгейге жетті. Сондықтан қазақстандық заңнама бойынша мен еліміздің аумағында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойдым. Төтенше жағдай режимі 2020 жылғы 16 наурызда таңғы сағат 8 – ден бастап қолданылады және 30 тәулікке созылады. Қажет болған жағдайда режимнің қолданылуы ұзартылуы мүмкін», – деді ҚР Президенті.

«Шын мәнінде, әңгіме бүкіл әлемдік экономикалық жүйені қайта форматтау туралы болып отыр. Қазақстан осы үлкен дағдарыстың салдарын сезінуде. Бірақ, экономикалық катаклизмдерге қарамастан, біз әлеуметтік шиеленістің, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қолданамыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында еліміздің халықаралық резерві 90 миллиард долларға жуықтады. Бұл біздің экономикамыздың тұрақтылығын сақтаудың және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындаудың маңызды кепілі», – деген болатын Қазақстан Президенті.

Атап айтқанда, кәсіпкерлерді қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін 300 миллиард теңге бөлу, «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыруды ұлғайту қолға алынды.

ҚР Президенті «Мемлекеттің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар турал» арнайы Жарлыққа қол қойды, бұл мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыруға, биліктің вертикалын нығайтуға және дағдарыс жағдайында, оның ішінде салық саласында барлық қажетті шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік берді.

Халықты инфекциядан қорғауды қамтамасыз етуге, елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған барлық іс-шаралар БАҚ-та кеңінен жарияланды. Инфекциялық және карантиндік ауруханаларда төсек-орындардың үлкен резерві құрылып, дәрілік заттардың қажетті қорлары жинақталды. ҚР Президентінің өкімі бойынша шектеулерге байланысты қиындықтарға тап болған 4,5 миллионнан астам қазақстандық 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдер алды.  Екі миллионға жуық қазақстандықтың несие төлеу уақыты кейінге қалдырылды.

Барлық қабылданған шаралардың арқасында елімізде тәртіп сақталып, науқастар білікті медициналық көмек алды. Эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне жұқтыру қаупіне байланысты үстемақы төленді. Онымен қоймай отандық вакциналарды әзірлеу жұмыстары сәтті жүріп жатыр.

Осы аптада шыққан «Қазақстан Республикасының Адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралар туралы» Президент Жарлығы мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған қазіргі процестердің катализаторына айналады деген пікірлер айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттігінің екі жылын саясаттанушылар мен сарапшылардың көпшілігі мемлекет саясаты тұрақтылық пен демократияландырудың, құқық үстемдігіне қадам басудың жылы деп бағалады.

Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Марат Бәшімов Мемлекет басшысы сайланғаннан бері Қазақстан экономикалық қуатты, демократиялық дамыған және әрбір азаматтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруға бел буғанын атап өтті.

 

 

24