SpaceX қыркүйекте бүкіл ғаламшарды интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр

SpaceX қыркүйекте бүкіл ғаламшарды интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр

24.06.2021 Выкл.

SpaceX қыркүйекте бүкіл әлемді интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр, деп хабарлады Infodk.kz  Reuters-ке сілтеме жасап.

SpaceX компаниясының жоспары бойынша, 12 мың жасанды жерсерігінен тұратын ғаламдық жүйе толық іске қосылғаннан кейін Жер шарының кез келген түкпірінен кең жолақты интернет байланысына қосылуға мүмкіндік тумақ. Жобаны жүзеге асыру үшін инвестицияның жалпы құны 10 миллиард доллар деп бағаланған.

Starlink орбиталық тобы 1800 жер серігінен тұрады, бірақ олардың барлығы әлі орбитаға шығарылған жоқ. Қалған құрылғылар орбитаға ұшырылғаннан кейін Жер шары интернетпен толық қамтамасыз етіледі.

Барлық жерсеріктер қажетті орбитаға шыққаннан кейін, компания интернет таратуға рұқсат алу үшін келіссөздерді бастайды. Алайда, әр ел үшін бөлек рұқсаттар қажет болғандықтан, бұл процесс ұзаққа созылуы мүмкін. Starlink-тің сынақ интернеті қазіргі уақытта 11 елде қол жетімді.

Бұған дейін SpaceX-тің бас директоры Илон Маск 2021 жылдың аяғында Starlink спутниктік интернет жылдамдығы 300 Мбит / с-қа жетеді деп айтқан.

Айта кетейік, Starlink – бұл ғаламшар тұрғындары үшін кең жолақты интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған келесі буынның спутник желісі. Жоба 2018 жылдың ақпан айында іске қосылды. Содан кейін Falcon 9 көмегімен екі спутник орбитаға бағыт түзеді. Барлығы 12000 жер серігі орбитаға шығарылады. Сондай-ақ, 328 шақырымнан 580 шақырымға дейін орбитаға 30 000 қосымша жерсеріктерін жеткізу жоспарланған.

174