Маңғыстауда құлдықта болған 8 адам құтқарылды

Маңғыстауда құлдықта болған 8 адам құтқарылды

14.06.2021 Выкл.

Жыл басынан бері Маңғыстау облысында құлдықта болған 8 адам құтқарылды, – деп хабарлайды Infodk.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап. Құтқарылғандар Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары болып шықты.

Өңірде құлдыққа түсіп қалатын адамдардың көбі осы екі елден келетін гастарбайтерлер екен. Оларды, негізінен, құрылыс жұмыстарына немесе үй шаруашылығына жұмысқа жегеді.

Еске салайық, 9 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралары туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Қоғам белсенділерінің пікірінше, осы құжат күшіне енгеннен кейін елімізде адам саудасы мәселесінде оң өзгерістер болуы тиіс.

 

Абыл Мансұр

26