Қазақстанда жылқы мен қой етінің бағасын реттеу ұсынылды

Қазақстанда жылқы мен қой етінің бағасын реттеу ұсынылды

11.06.2021 Выкл.

Сенатор Ахылбек Күрішбаев жылқымен қой етінің бағасын реттеуді ұсынды. Депутаттың айтуынша, елімізге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін кеңейту қажет, – деп хабарлайды Infodk.kz.

«Ресейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне өнімнің 24 түрі, Белjоссияда – 28, ал Қазақстанда – 19 ғана өнім түрлері кіреді. Бұл тізімге ет, көкөніс, жарма дақылдарының кейбір түрлері кірмейді. Ал жемістер мен балалар тамағы тізімге мүлдем енбеген. Біздің ойымызша бұл дұрыс емес. Маңызды азық-түлік тізімін кеңейту туралы не ойлайсыз? » – деп сұрады сенатор Күрішбаев үкімет сағатында.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров депутаттың ұсынысын қолдап, «әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімін кеңейту мәселесін егжей-тегжейлі қарастыру керек» деп атап өтті.

«Қазақстандағы әлеуметтік маңызды тауарлар тізіміне келетін болсақ, оның тек 19 түрі бар. Алайда, қазір министрлікте біз өнімнің 29 түріне мониторинг жүргізіп жатырмыз, оларды баға тұрғысынан бақылаймыз. Ресей мен Украинада бұл тізімде мысалы, шошқа еті және кептірілген балық бар. Ресейде көкөністер жоқ, бірақ бізде көкөністер бар. Мен сіздің осы мәселе бойынша ұсыныстарыңызды қолдаймын. Біз азық-түлік себетін кеңейту туралы ойлануымыз керек, оның құрамына әлеуметтік маңызды өнімдер кіреді », – деп жауап берді ол.

Бұл ретте сенатор Күрішбаев бірінші кезекте жылқы мен қой етінің бағасын реттеуге кірісу керектігін нақтылады.

«Мен шошқа еті туралы айтпаймын. Мен жылқы мен қой еті туралы айтамын, қазір бізде жылқы мен қой еті реттелмеген. Мемлекет сондай-ақ дәнді дақылдардың кейбір түрлерінің бағаларын реттемейді. Балаларға арналған тағам да маңызды. Мысалы, Белоруссияда ол реттелген, бізде жоқ. Бұл тізім 2011 жылы бекітілген. Менің ойымша, оны қайта қарайтын және кеңейтетін уақыт келді », – деп қосты ол.

45